Шахмат турнирі

Шахмат турнирі

Әулиекөл аудандық мәслихатының депутаттары Д.                                                Қойшыбаев,            Е.Мұстафин, Д.Ысқақов және Қоғамдық кеңес мүшесі Р. Әлмағамбетов шахмат турниріне қатысты.

4 мамырда Қостанайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының бастамасымен Қостанай облыстық мәслихаты Қазақстан Шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырған "Senat Open" II                          ашық кубогының іріктеу туры өтті.

 Турнир саяси және қоғам қайраткерлері, барлық деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері арасында шахматты насихаттау, жергілікті жерлерде атқарушы және өкілді билік арасындағы берік байланысты нығайту, шахмат спортын дамытуға жергілікті атқарушы органдардың назарын аудару және Қазақстан ұлтының зияткерлік әлеуетін дамытуға белсенді қатысу мақсатында өткізілді.

Аудандық мәслихат депутаты Е.Мұстафин мен Қоғамдық кеңес мүшесі Р.Әлмағамбетов   жартылай финалға өтіп, құрама құрамында Көкшетау қаласында біздің облыстың атынан өнер көрсетеді.

Турнир қорытындысы бойынша оларға сертификаттар табысталды.