Кезекті сессия

Кезекті сессия

 Кезекті сессия       

Аудан әкімдігінде Д.Қойшыбаевтың төрағалығымен Әулиекөл аудандық мәслихатының кезекті, оныншы сессиясы өтті. Сессия шеңберінде Әулиекөл ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы, сондай-ақ Әулиекөл ауданының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы 2024 жылғы жылдық есептер қаралып, бекітілді.

Бұл мәселелер 2025 жылғы 21 сәуірде аудандық мәслихаттың бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала қаралғанын атап өткен жөн.

Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі               Р.Байғабылов Әулиекөл ауданы бюджетінің атқарылуы бойынша 2024 жылғы қорытынды есебімен сөз сөйледі.