
Бірлескен отырыс
2025 жылғы 19 наурызда Әулиекөл аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері және 2025 жылға арналған әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық мәслихат аппараты, БАҚ қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес "Әулиекөл ауданындағы агроөнеркәсіптік кешеннің жұмысы және оның даму перспективалары туралы" және "Әулиекөл ауданының кәсіпкерлік бөлімі "ММ басшысының 2023-2024 жылдары атқарылған жұмыстар туралы есебі" атты 2 мәселені қарастырып, талқылады.
Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия жоспарланған инвестициялық жобалардың іске асырылуын және олардың уақтылы пайдалануға берілуін бақылауға алуға қаулы етті.