Кезекті сессия

Кезекті сессия

2024 жылдың 29 сәуірінде аудан әкімдігінде Әулиекөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібінің "Әулиекөл ауданының 2023 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" бірінші мәселесі бойынша қаржы бөлімінің басшысы Н.Яримова мен Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Р.Байғабұлов тыңдалды. Осы есеп бойынша қорытындыны аудандық мәслихаттың бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Д. Ысқақов айтты.

      Сессияда сондай-ақ мынадай мәселелер қаралды:  "2024 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы"; "Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы"; "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы".                                                                              

Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан шешімдер  қабылдады.