Ағымдағы жылдың 3 маусымында аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 3 маусымында аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 3 маусымында аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша – «Әулиекөл ауданының тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына тарифті келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 27 маусымдағы №186 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «Әулиекөл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №391 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Д. Асадовтың, сондай-ақ Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т. Печникованың баяндамалары тыңдалды.

Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары жоғарыда аталған мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізуді бірауыздан қолдады.