
Мерейтой иесін құттықтау
Әулиекөл аудандық мәслихатының төрағасы Д.Қойшыбаев Әулиекөл ауданының Құрметті азаматы Лемперт Леонид Федоровичті мерейтойымен құттықтады.
Л. Ф. Лемперт 1931 жылы 8 қаңтарда Одесса облысы Николаев ауданы Исаево ауылында дүниеге келген. Қазақстан Компартиясы Семиозер аудандық комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы, "Қазақ КСР еңбек сіңірген агрономы" атағына ие, Ленин, Еңбек Қызыл Ту (төрт рет), "Халықтар Достығы" ордендерімен марапатталған.
Л.Ф.Лемперт ауданның экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына үлкен үлес қосты, белсенді қоғамдық қызмет жүргізді.