
Кезектен тыс сессия
БүгінауданәкімдігіндеӘулиекөлаудандықмәслихатының кезектен тыссессияөтті.Сессияныаудандықмәслихат төрағасы Д.Қойшыбаев жүргізді.Сессияжұмысынаауданәкімі Ж.Таукенов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдықокругәкімдері, мемлекеттікмекемебасшыларықатысты.
Сессия басталар алдында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Нұржанова жаңадан сайланған депутатқа Ю.Ганичке депутаттың куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.
Бұл күні депутаттардың қарауына 3 мәселе шығарылды. Күн тәртібінің "Әулиекөл ауданындағы жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" бірінші мәселесі бойынша сөз Әулиекөл ауданының салық басқармасының бас маманы Д.Карменоваға берілді. Өз сөзінде ол ҚР Салық Кодексінің 510-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдардың жер салығының ставкаларын жер салығының базалық ставкаларынан 50% - дан аспайтын төмендетуге немесе көтеруге құқығы бар екенін атап өтті. Осыған байланысты депутаттардан ауданның елді мекендері бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін ұлғайтуды бекітуді сұрады.
"Әулиекөл ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" екінші
мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрашев сөз
сөйледі. Ол Диев, Қазанбасы, Москалев және Сұлукөл ауылдық округтерінің әкімдері аудан әкімі Ж.Таукенов пен аудандық мәслихат төрағасы Д.Қойшыбаевтың атына Қоскөл, Дангербай, Жалтыркөл және Чили ауылдарын тарату туралы ұсыныстар жолдағанын, олардың саны 50-ден аз адамды қалдыратынын айтты. "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" ҚР Заңының 8-бабына сәйкес тұрақты халқы 50 адамнан асатын және дербес елді мекендер болып саналатын, ал саны 50 адамнан аз елді мекендер жақын маңадағы елді мекеннің құрамына енгізілетін және дербес әкімшілік-аумақтық бірліктер мәртебесін жоғалтатын елді мекендер есепке алынуға және тіркелуге жатады.
"Әулиекөл ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" үшінші мәселе бойынша ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Бекмурзин хабарлады. Ол депутаттардан Әулиекөл ауданының елді мекендерінің шекараларын өзгерту мен белгілеуді қоса берілген жер экспликацияларына сәйкес бекітуді сұрады.
Барлық сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойылды, оларға толық жауаптар берілді. Депутаттар бірауыздан дауыс берді.