Қоғамдық кеңесінің отырысы
25 қарашада аудан әкімдігінде Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес кеңес мүшелері 2 мәселені қарады. "Әулиекөл ХҚКО-ның халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы" бірінші мәселе бойынша Әулиекөл ауданының ХҚКО басшысы А.Қалиев тыңдалды. Ол халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысында барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, бір жерде әртүрлі органдардың мемлекеттік қызметтерін алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушылар мен клиенттер арасындағы тікелей байланысты болдырмау оң нәтиже бергенін атап өтті.
"Ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс туралы" екінші мәселе бойынша "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар мониторингі жөніндегі бас инспекторы А.Марат хабардар етті.