Әулиекөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Әулиекөл аудандық мәслихатының   кезектен тыс сессиясын  шақыру туралы

 Әулиекөл аудандық мәслихатының

 кезектен тыс сессиясын  шақыру туралы 

     Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының  10 -бабы 2  және  3-тармақтарына, 19-бабы  3-тармағы                   1) тармақшасына сәйкес және аудандық мәслихат депутаттарының  2025 жылғы 22 қыркүйектегі  ұсынымының негізінде  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

          Әулиекөл  аудандық   мәслихатының  кезектен тыс сессиясы  2025 жылғы   26 қыркүйекте  сағат 11.00-ге аудан әкімі аппаратының  үлкен  залына мынадай күн  тәртібімен  шақырылсын:

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы  25 желтоқсандағы №253 «Әулиекөл ауданының 2025-2027 жылдарға  арналған аудандық бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер  енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2024 жылғы  27 желтоқсандағы №261-273 «Әулиекөл ауданының  ауылдары, кент және ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға  арналған бюджеттері туралы»  шешіміне өзгерістер  енгізу туралы.
  3. Әулиекөл ауданында  бөлшек салықтың арнаулы салық  режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
  4. Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Әулиекөл ауданының құрметті азаматы» атағын  беру туралы.

 

Аудандық  мәслихаттың  төрағасы                                          Д.Қойшыбаев