Отырыс

Отырыс

Отырыс

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының     жоспардан тыс отырысы өтті. Тұрақты комиссияның жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аталған отырысқа Әулиекөл ауданының полиция бөлімінің басшысы Ш. Нашкенова бастамашылық жасады. Қарастырылып  отырған мәселе: "2022 жылдан 2025 жылға дейінгі жұмыс кезеңінде Семиозер және Басаман орман шаруашылықтарының жүргізіліп жатқан жұмысы туралы". Қатысушылар осы лесхоздардың директорлары  Р. Серденбаев пен А.Мирмановты тыңдады. Мәслихат депутаты Е.Мұстафин, полиция бөлімі бастығының орынбасары С.Бикетбаев, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшесі А.Рахымжановтың тарапынан Семиозерлік орман шаруашылығының жұмысына көптеген сұрақтар мен шағымдар болды. Сондай-ақ орман кәсіпкерлерінің көптеген сұрақтары болды. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттық сауалды Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жіберу туралы шешім қабылданды.