Кезекті сессия
2025 жылдың 23 шілдесінде аудан әкімдігінде Әулиекөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Бірінші мәселе бойынша Әулиекөл ауданының әкімі Ж.Тәукенов сөз сөйлеп, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау бойынша жұмыс туралы хабардар етті. Ол әлеуметтік және жол инфрақұрылымына, өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, газ және сумен жабдықтауға баса назар аудара отырып, жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды.
Қоғамдық кеңес мүшесі А.Нсанбаев пен аудандық мәслихат депутаты Е.Мұстафин аудан әкімінің жұмысына оң баға берді.
Сессияда сондай-ақ мәслихаттың аудан бюджетіне, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекітуге қатысты шешімдеріне өзгерістер енгізілді.