Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

2025 жылдың 27 маусымда Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық әкімдікте Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. "Жазғы уақытта мектеп оқушыларын жұмыспен қамту туралы" мәселелер бойынша Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ басшысы Д.Құсайынов және «Жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс туралы» полиция бөлімі басшысының орынбасары міндетін атқарушы, полиция майоры Ғ.Байжанов хабардар етті. Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер белсенді талқыланды. Отырыс соңында Қоғамдық кеңес бірқатар тиісті ұсыныстар берді.