Кезектен тыс сессиясы
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2 сұрақ болды. "Әулиекөл ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы "Мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 253 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" бірінші мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т.Печникова сөз сөйледі.
"Әулиекөл ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы" екінші мәселе бойынша ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Бекмурзин тыңдалды.
Сұрақтардан кейін депутаттар осы шешімдерге бірауыздан дауыс берді.