Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихаттың төрағасы 2025 жылдың 30 сәуір күні сағат 15.00-де облыс әкімдігінің 7 қатардағы мәслихат залында VІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті ХV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:
1 Атырау облысының Полиция департаментінің жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны игеруі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы
Баяндамашы: Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы Н.Оразбаев;
Баяндамашы: «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ның президенті М.Аленов;
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 30 сәуір күні сағат 11.00-де облыс әкімдігі ғимараты, 7 қатардағы мәслихат залында өтеді.
Атырау облыстық мәслихаты