Кезектен тыс VII сессия отырысы өтті

Кезектен тыс VII сессия отырысы өтті

Бүгін Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиевтің төрағалығымен кезектен тыс VII сессия отырысы өтті. Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар, жастар мәслихатының депутаттары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық мәслихат аппаратының басшы орынбасары Аслан Қуанышкереев Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды таныстырып, ұсынылған құжаттардың толық талапқа сәйкестігін айтып, шешім жобасын қолдауды сұрады. Атырау облыстық мәслихатына саяси партиялар мен бірлестіктерден аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесіне үміткерлер құжаттары ұсынылған.