Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы 2026 жылғы 9 қазанда сағат 11.00-де облыс әкімдігінің 7 қатардағы мәжіліс залында VІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

1. Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Баяндамашы: Атырау қаласының әкімінің орынбасары М.Мұқасов;

2. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы №263-VI «Атырау облыстық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Баяндамашы: Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы А.Саламат;

3. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін босату туралы.

Баяндамашы: Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Е.Барлыбайұлы.

4.Басқа да мәселелер.

Атырау облыстық мәслихаты