
Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІV сессиясы облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Каметовтың төрағалығымен өтті.
Сессия барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Ермекқали Юсупов пен Арман Хайруллиннен депутаттық өкілеттіктерін тоқтатуға байланысты жеке өтініштері түскенін хабарлады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 4-тармағына және 3-тармағының 8-тармақшасына сәйкес жоғарыда аталған депутаттардың өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздің туындауына байланысты мәселе облыстық мәслихаттың қарауына енгізіліп, аталған депутаттардың депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.