Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасы 2026 жылғы 19 маусым сағат 15.00-де облыс әкімдігінің 7 қатардағы мәжіліс залында VІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті ХХІIІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

         Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

  1.Атырау облысы бойынша 2025 жылға бюджетке салықтық түсімдердің орындалуы және 2026 жылға салық салынатын базаны кеңейту мәселелері туралы.

         Баяндамашы: Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы К.Есембеков

  1. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының және Атырау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша бір мандаттық №1 округтік сайлау комиссиясының мүшесін  сайлау туралы

         Баяндамашы: Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Е. Барлыбайұлы

      3. Басқа да мәселелер

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 19 маусымда сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратының 7 қатардағы мәжіліс залында  өтеді.

 Атырау облыстық мәслихаты