Бүгін Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессия отырысы облыстық мәслихат төрағасы Мұса Хайруллиевтің төрағалығымен өтті.
Сессия отырысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Даралиевтың жеке өтінішіне сәйкес, оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді. Нәтижесінде Нұрлыбек Даралиевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде шешім қабылданып, тиісті құжаттар Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.
Сондай-ақ депутаттардың қолдауымен Каметов Бақыт Хабидоллаұлы Атырау облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.