
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен жанқиярлықтың мәңгілік символына айналған қастерлі күн. Майдан даласында Отан үшін от кешкен батырларымыз бен тылда аянбай еңбек еткен жандардың есімі халық жадында әрдайым сақталады.
Бүгінгі бейбіт өмір мен тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы – сол аға буынның өлшеусіз ерлігі мен табанды еңбегінің жемісі. Олардың қайсар рухы мен отансүйгіштігі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.
Ардагерлерімізге тағзым етіп, олардың ерлігін ұлықтау – баршамыздың қасиетті борышымыз.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!