
Атырау облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Қайырденов Тұщықұдық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ауылдық округте саябақ салу, мұғалімдерге арналған қызметтік пәтерлер тұрғызу, сондай-ақ апатты жағдайда тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу мәселелері талқыланды.
Халықпен өткен ашық диалог барысында тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, оларды шешу бағытындағы тиісті жұмыстарды қарастыру қажеттігі атап өтілді.