Кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Эльмира Сапарова «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы «AMANAT SERVICE» орталығында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында азаматтардың әлеуметтік, медициналық және тұрғын үй мәселелері қаралды. Атап айтқанда, бауыр трансплантациясынан кейінгі медициналық бақылау мәселесі бойынша жүгінген тұрғынға елордадағы мамандандырылған трансплантация орталықтарына қаралу ұсынылды. Сондай-ақ, аз қамтылған көп балалы анаға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетіліп, тұрғын үй кезегінде тұрған мұғалімге «Отбасы банк» арқылы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық қабылдау барысында әрбір өтініш назарға алынып, нақты шешу жолдары ұсынылды.