Күшті Конституция – қуатты мемлекет

Күшті Конституция – қуатты мемлекет

Бүгін Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев конституциялық реформа және 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға байланысты өңір жұртшылығымен өткен кездесуге қатысты.

 
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жаңа Конституция аясындағы реформалар елдің орнықты дамуы мен демократиялық қағидаларды нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
 
Сондай-ақ облыс тұрғындары үшін маңызды болып отырған экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау, табиғатты аялау нормаларының енгізілуіне және 15 наурыздағы республикалық референдум азаматтарға ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік беретініне тоқталды.
 
Жиында сөз алған спикерлер де жаңа Ата Заң жобасының маңызды өзгерістеріне тоқталып, жаңа Конституцияның Тәуелсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық қадам екенін баса айтты.
 
Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның шынайы әрі мызғымас қағидаты.