
Жаңа Конституция жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіру, оның саяси-құқықтық мәнін жеткізу және алдағы республикалық референдумға азаматтардың саналы қатысуына жағдай жасау – «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалицияның басты бағдары.
Бүгін Конституциялық комиссия мүшесі, Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев Абай атындағы оқушылар орталығында қала педагогтарымен кездесуге қатысты. Кездесуде жаңа Конституция жобасының азаматтық қоғамды нығайтудағы рөлі мен елдегі демократиялық өзгерістердің бағыты сөз болды.
Жиынға «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев, Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, облыстық мәслихат депутаты, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры Айжан Қарабаева, облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Айдос Ибраймов қатысып, Конституция жобасының негізгі бағыттары мен өзгерістеріне тоқталды. Жаңа Ата заң жобасында адами капиталды қалыптастыруға, ғылым мен инновацияны дамытуға және отбасы институтына қолдау көрсетуге ерекше орын берілгенін атап өтілді.
Осындай ашық кездесулер жаңа Конституцияның әлеуметтік өлшемін, азаматтардың өмір сапасын арттыру, білім және ғылым, цифрландыру, мемлекеттік кепілдіктерді күшейту сынды мәселелерді терең түсінуге, кәсіби мамандардың ұстанымын ескеруге мүмкіндік береді.
#референдум2026
#Атырауоблыстықмәслихаты