Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері сайланды

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері  сайланды
Бүгін Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессия отырысында Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №82-VІІІ «Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралды.
 
Сессия жұмысына облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік өкілдері, жастар мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
 
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Барлыбайұлы аумақтық сайлау комиссия құрамына ұсынылған кандидаттарды «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы Атырау облысы бойынша өңірлік филиалынан Кариматов Ғасырбек Нұроллаұлы мен «Жеті жарғы» қоғамдық бірлестігінен Халелов Жалғас Аманкельдіұлын таныстырды.
 
Жалғас Халелов- жоғары білімді, Атырау мұнай және газ университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Атырау облыстық филиалында кеңесші, қоғамдық негізде Атырау қалалық сайлау комиссиясы жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» төрағасының орынбасары болып сайланған.
Ғасырбек Кариматов - жоғары білімді, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Физика-Информатика» мамандығы бойынша аяқтаған. Атырау қаласының №31 мектеп-гимназиясына информатика пәні мұғалімі болып қызмет атқарады.
 
Жиын соңында сессия жұмысына төрағалық еткен Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Нұрлыбек Даралиев қорытындылап, аумақтық сайлау комиссиясының сайланған жаңа мүшелерінің жауапты қызметіне сәттілік тіледі.