Жастар мәслихаты екінші шақырылымының алғашқы отырысы өтті

Жастар мәслихаты екінші шақырылымының алғашқы отырысы өтті

Атырау облыстық жастар мәслихатының екінші шақырылымының алғашқы отырысы өтті. Жиын Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Қарашаұлының атынан жастар мәслихатының бірінші шақырылымында белсенді қызмет атқарған депутаттарға «Алғыс хат» табыстаумен басталды.

Жастар мәслихаты – өңір жастары мен өкілді орган арасындағы байланысты нығайту, жастардың мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысу құқығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат төрағасы Мұса Хайруллиевтің бастамасымен құрылған. Жобаның алғашқы пилоттық кезеңі өз тиімділігін көрсетіп, табысты жүзеге асырылды.

Отырыста Атырау облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Нұрлыбек Даралиев жастар мәслихатының негізгі мақсаттары мен жұмыс принциптеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, сессияаралық кезеңде өзекті мәселелерді зерделеу және алдағы сессиялардың күн тәртібін қалыптастыру мақсатында құрылған жастар мәслихаты төралқасының құрамымен таныстырды.

Жастар мәслихатының екінші шақырылымы саяси партиялардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылды. Салтанатты жиында Нұрлыбек Даралиев жас депутаттарға куәліктері мен төсбелгілерін табыстап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Жастар мәслихатының төрағасы болып жастардың ұсынысымен Ізімғұтов Жанболат Қабиденұлы сайланды.