Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтылған бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде құрылған Конституциялық комиссия құрамына Атырау өңірінен облыстық мәслихат төрағасы Мұса Хайруллиев енді.
Бүгін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қалалық, аудандық мәслихат төрағаларының қатысуымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасы бойынша Атырау облыстық мәслихатының төрағасы,Конституциялық комиссия мүшесі Мұса Хайруллиев баяндады.
Конституциялық комиссиямен барлық түскен ұсыныстар мен талқылаулар негізінде өзара келісілген және Конституция мәтініне енгізілген түзетулердің жинақталған жобасын дайындау барысына тоқталды. Ең бастысы – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімге негізделген, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған 11 бөлім және 95 баптан тұратын жаңа Ата Заңымызға енгізілген негізгі ерекшеліктерді атап өтті.