Төраға Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысына қатысты

Төраға Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысына қатысты

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев Астана қаласында өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысына қатысты.

Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Төрағаның орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.