Атырау облыстық мәслихатының төрағасы М.Хайруллиевтің құттықтауы

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы М.Хайруллиевтің құттықтауы
Құрметті ағайын!
 
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін қарқынды еңбек, үлкен жетістіктер мен толайым табыстарға толы болды.
Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Жаңа жылға үлкен үмітпен қадам басқалы отырмыз. Алдымызда өте маңызды әрі ауқымды міндеттер тұр!
Төрімізге қадам басқалы тұрған Жылқы жылында барлық берекелі бастамаларыңыз сәтімен орындалсын!
Еліміз құлашын кеңге сермеп, жарқын жетістіктер мен жаңа биіктерді еңсере берсін!
Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық әкелсін!
 
                                              Ізгі ниетпен,
                                      Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев