Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы 2026 жылғы 18 наурызда сағат 11.00-де облыс әкімдігінің 7 қатардағы мәжіліс залында VІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:
1.Атырау облысын басқару схемасы туралы.
Баяндамашы: Н.Жеңісбекұлы– Облыс әкімі аппаратының басшысы;
2. Басқа да мәселелер.
Атырау облыстық мәслихаты