Меню
Страницы

Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №4, №8, №9 округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы

Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №4, №8, №9 округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы

ХАБАРЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты (бұдан әрі - маслихат) шығып қалған мүшелердің орнына, Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №4, №8, №9 округтік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Саяси партия округтік сайлау комиссияларының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихат аумақтық сайлау комиссиясына өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.     

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссияларына қатысты 2025 жылғы 27 қарашадан бастап 11 желтоқсан аралығында мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

 2) округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың округтік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын адам округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген,аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Округтік сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған Атырау облыстық мәслихаты орналасқан Атырау облысының аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, округтік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Округтік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орынына жаңа мүшелерді сайлау бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 11 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

  Атырау облыстық мәслихаты

 

 Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Хайруллиев Мұса Қарашаұлы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Атырау қаласы,  Айтеке би көшесі, 77 үй. Ұсынымдарға 3-қосымша

Жауапты адам – М.Мусаева каб. № 716, қалааралық телефон коды (87122)-35-45-65, электрондық пошта: AOSK2025@yandex.kz

 

Ұсынымдарға5-қосымша,кандидаттың белгіленген нысан бойынша өтініш формасы ЖҮКТЕУ  

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты