Атырау қаласы Мәслихатының кезекті XXXVIII -ші сессиясы өтті

Атырау қаласы Мәслихатының кезекті XXXVIII -ші сессиясы өтті
Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы Ақылбек Құлбарахов төрағалық еткен кезекті сессия отырысы өтті.
Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары М. Мукасов, қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, тұрақты комиссияларда алдын ала қаралған 8 мәселе жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет қаражатының тиімді игерілуі, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.