Әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Комиссия төрағасы А. Сарсембаева төрағалық еткен тұрақты комиссия отырысына комиссия мүшелері Б. Нұрқалиев, Ә. Нұрланұлы, М. Есниязова, Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ. Джаумбаев, сондай-ақ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Асаинов, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, қалалық және жекеменшік емханалар басшылары, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Қ. Тілеумағамбетова және қоғам белсендісі М. Рыскалиева қатысты.

Күн тәртібінде мүгедектігі бар адамдарға мүгедектік белгілеу рәсімдерінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Аталған мәселе бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Асаинов баяндама жасап, салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Баяндамашының айтуынша, департамент тарапынан мүгедектік белгілеу рәсімдерін оңайлату, қызмет көрсету сапасын арттыру, өтініштерді қарау мерзімдерін қысқарту және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында бақылау тетіктері күшейтілген.

Отырыс барысында комиссия мүшелері көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Талқылау нәтижесінде бірқатар түйткілді мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Комиссия төрағасы А. Сарсембаева комиссия отырысында қаралған мәселелер қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.