Комиссия төрағасы Р.Күмісқалиев төрағалық еткен тұрақты комиссия отырысына комиссия мүшелері Ө.Қапанов, Б.Есенғожин, Ө.Жұмағалиев, А.Батаев және Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Джаумбаев, Атырау мұнай өңдеу зауытының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі департамент директоры Е.Сүлейменов, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы А.Теміров, депутаттармен бірге Атырау мұнай өңдеу зауытының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі департамент директоры Е.Сүлейменов, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы А.Теміров, мемлекеттік органдармен және мердігер ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Ж.Бөлекбаев, Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшының орынбасары А.Искакова, Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы А.Жүсіпов, «Қазгидромет» РМК-ны Атырау облысы бойынша филиалының басшысы С.Туленов, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ны директорының орынбасары Ғ.Лекеров, мердігер мекемелер өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС-не жақын орналасқан аумақтарда атмосфералық ауада сезілетін жағымсыз күкірт иісіне қатысты» және Атырау қаласының «Мирас» пен «Жұлдыз» шағынаудандарында кәріз желісін салу жұмыстарының барысы туралы мәселелер қаралды.
Отырыс барысында тиісті басқармалар мен мекемелердің өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, экологиялық ахуалды жақсарту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі департаментінің директоры Еркін Сүлейменовтің айтуынша, зауыт қазіргі таңда қалыпты режимде жұмыс істеуде, өндірістік процестердің қоршаған ортаға кері әсері тіркелмеген. Кәсіпорын тарапынан атмосфералық ауаның сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, экологиялық талаптар қатаң сақталуда.
Атырау облысы санитариялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Искакова мәлімдеуінше, «Казгидромет» РМК-ны Атырау филиалының 25 қаңтардағы мәліметіне сәйкес, «АМӨЗ» ЖШС аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінде күкіртсутектің (ШРЕК) 15-36 есе асып кетуі тіркелуіне байланысты Атырау облысы Табиғи ресурстар жане табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2026жылғы 26 қаңтардағы № 06-01-05-04-5/151 хатына сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің, 821, 822-баптарына сәйкес, 29 қаңтар күні «АМӨЗ» ЖШС-гіне 6 920 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.
Комиссия мүшелері Б.Есенғожин, Ө.Жұмағалиев тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, жауапты органдарға экологиялық талаптарды қатаң сақтау, мониторинг жұмыстарын күшейту және инфрақұрылымдық жобаларды белгіленген кестеге сәйкес аяқтауға қатысты ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар, «Мирас» пен «Жұлдыз» шағынаудандарында кәріз желісін салу жұмыстарының мерзімі, қаржыландыру мәселелері және жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуы талқыланды. Мердігер мекеме басшылығы аталған жұмысты үстіміздегі жылдың 3-тоқсанына аяқтайтындарын айтты.