Атырау қаласы Мәслихатының хабарламасы!

Атырау қаласы Мәслихатының хабарламасы!

  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының  3-тармағына сәйкес, Мәслихаттың кезекті XXХVII сессиясы шақырылады.

 Өтетін уақыты: 2026 жылғы ақпан айының 12-сі, сағат 15:00.

 Өткізілетін орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77а, кіші мәжіліс залы.

Сессияның күн тәртібі:

1.Көші-қон мәселесі: соның ішінде жақын шетелден келетін еңбек мигранттарының ағынын жергілікті деңгейде реттеу және бақылау;

2.Өңірдегі шағын кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту: жоспар, өзекті проблемалар;

3.Әртүрлі мәселелер.