Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов, қалалық Мәслихат депутаттары, ауылдық округтер әкімдері, дербес бөлімдер басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалық Мәслихат төрағасы Бейбіт Мырзағалиевтың төрағалығымен өткен сессия отырысында Тұрақты комиссиялардыңбірлескен отырысында талқыланған үш мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Атырау қаласы әкімі аппаратының ісбасқармасы» және «Смарт Қала» коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы» Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы Қадралиев Айбек Сарсенбайұлы баяндады.
Атырау қаласында маусымдық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу және көгалдандыру жұмыстары туралы Қалалық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мереке Зинуллин баяндама жасады
Сеесия отырысында қаралған мәселелерге қатысты депутаттар өздерінің ұсыныс-пікірлері мен ескертулерін айтты.
Атап айтқанда, депутат Қ.Джаумбаев фитосанитария жүргізуде пайдаланылатын препараттардың тұрғындар денсаулығына зиян келтірмеуін бақылауда ұстау, яғни олардың сертификатталған өнім болуын қадағалау қажеттігін, депутат А.Батаев көшелердегі арам шөптер мен бұталарды, қамыстарды уақтылы шабуға қатысты ұсыныс білдірді. Өйткені, қаулап өскен арам шөптер мен қамыстардың арасына зиянкестер мен кеміргіштер жиналады екен. Кері әсері қоршаған ортаға, адамдарға тиері ықтимал.
Депутаттар И.Қонысбаев пен А.Мұханжанов мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қаланы көгалдандырумен айналысатын «Каспийдормостострой» ЖШС-нің басшылығына егілген жасыл желекті күтіп ұстау, саябақтардың жай-күйі туралы тұрғындарды үнемі ақпараттандыру қажеттігін баса айтты.
Депутат К.Жапалова ретропаркті күтіп ұстау мәселесін көтерді, яғни жарық шамдарын ауыстыру, абаттандыруға қатысты пікір білдірсе, депутат
А.Сәрсембаева мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі кіші техникалық (бала күтуші, еден жуушы, күзетші, аспазшы, т.б.) қызметкерлердің жалақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Қалалық мәслихат депутаттары А.Құлбарақов, Ө.Жұмағалиев, Г.Танбаева да күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Сессия отырысын қорытындылай келе, әр депутатқа өз округіндегі арамшөптерді шабу, жинау және масадан, зиянкестерден улау жұмыстарына зерделеу жүргізіп, аталған жұмыстар уақтылы әрі сапалы жасалмаған жағдайда қала басшылығын хабардар ету ұсынылды.
Қала басшылығымен мердігер мекемеге қатысты тиісті шаралар алынатын болады.
Сессия соңында сөз алған қала әкімінің орынбасары М.Мұқасов депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қалалық мүдделі дербес бөлімдерге хаттамалық нақтытапсырмалар берілетінін жеткізді.
Қалалық Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының талқылауына шығарылған барлық мәселелер депутаттар тарапынан мақұлданып, тиісті шешімдер қабылданды.