Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама
2025 жылдың 20 наурызында Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы - Рахимов Нұржан Бектұрғанұлының төрағалығымен Атбасар аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті.
 
Сессия жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Саханов Ғалымхан Банияшімұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдері ЗУМ арқылы, мемлекеттік органдары, әкімшілік пен құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
 
Сессияда келесі сұрақтар қаралып, бекітілді:
 
«Атбасар қаласы әкімінің «Атбасар қаласының автомобиль жолдарын, абаттандыру, санитарлық тазалау және жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы» есебі.
Баяндама жасаған: Қайржан Әнес Саятұлы – Атбасар қаласының әкімі.
 
Әрі қарай  жарыс сөзге қала әкімінің есебі бойынша қорытынды жасау үшін - Атбасар аудандық мәслихатының депутаты Жақышева Назгүл Әлімқызы сөз сөйледі.
 
«Атбасар аудандық полиция бөлімінің қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмысы туралы» шешімінің орындалуы туралы»
Баяндама жасаған: Маташев Рустам Жақсымбетұлы – «Қазақстан Республикасы ІІМ Ақмола облысы полиция Департаменті Атбасар ауданының полиция бөлімі» ММ бастығы.
 
«2025-2027 жылдарға арналған Атбасар қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
«2025-2027 жылдарға арналған Ақан Құрманов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
«2025-2027 жылдарға арналған Сергеевка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
«Атбасар аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы».
 
Қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.