Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылдың 20 наурызында сағат 10:00-де Атбасар қаласында, Атбасар аудандық мәслихатының кезекті, жиырма алтыншы сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.
Сессияда қарауға Атбасар қаласы әкімінің «Атбасарқаласының автомобиль жолдарын, абаттандыру, санитарлық тазалау және жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы» есебі; Атбасар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 8С 13/2 «Атбасар аудандық полиция бөлімінің қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмысы туралы» шешімінің орындалуы туралы; Атбасар аудандық мәслихатының төртінші деңгейдегі «2025-2027 жылдарға арналған ауыл мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар енгізіледі.
2025 жылдың 20 наурызында аудандық мәслихатта депутаттардың келуі мен тіркелуі сағат 09:30-ға дейін.