Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама
2025 жылдың 27 ақпанында Атбасар аудандық мәслихатының депутаты, Атбасар аудандық мәслихатының бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы - Р.Қ. Досмұхановтың төрағалығымен Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Саханов Ғалымхан Банияшімұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.
Сессияда келесі сұрақтар қаралып, бекітілді:
«Атбасар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №8С 24/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
«Атбасар ауданының бюджеттік комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы салықтық базаны арттыру жөнінде комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті одан әрі пайдалану жөнінде комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы аудандық коммуналдық мүлік объектілерін жекешелендіру бойынша комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндама жасаған: Николайцева Шолпан Болатқызы – «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
«Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
«Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
«Атбасар ауданы әкімдігінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Ақпараттандырған: Тюленов Даулетхан Ахметжанұлы - Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.
«Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақпараттандырған: Серікпаев Әділхан Дастанұлы – «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдер дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
«Aтбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақпараттандырған: Райле Надежда Сергеевна – «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
4 деңгейдегі бюджеттік бағдарламалардың 8 әкімшісі Бастау, Макеевка, Мариновка, Новосельское, Тельман, Шұңқыркөл, Покровка және Полтавка ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттерін нақтылау бойынша тиісті өзгерістер енгізілді.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.