11 қыркүйекте жұмыс тобы «ХПП Лана» ЖШС және «Нан абройы» ЖШС астық қабылдау кәсіпорындарына баруды жүзеге асырды, онда жұмыс тобы ағымдағы жылғы дәнді дақылдар өнімінің сапасын бағалау, сондай-ақ оны кептіру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Егін жинау науқаны кезінде мол жауын-шашынның болуына байланысты астықтың 16-дан 23% - ға дейінгі ылғалдылықпен түсуі байқалады. Осыған байланысты, жұмыс тобы астықты тәулік бойы толық қуатта кептіруді қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жанжалды жағдайларға жол бермеу бойынша ұсыныстар берді.

Жергілікті жерлерде келіспеушіліктер мен даулы мәселелер туындаған жағдайда, жұмыс тобы астық сапасын талдау жөніндегі тәуелсіз аккредиттелген зертханаларды тарта отырып, даулы мәселелерді қарастыру жөніндегі шараларға бастамашылық жасайтын болады.