Апараттық хабарлама

Апараттық хабарлама

2026 жылғы 18 наурызда аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Бектұрғанұлы Рахимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Қ.Ғ. Әлімжанов, Атбасар қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік ұйымдардың, құқық қорғау органдарының басшылары, АММБ бас дәрігері, ФАП және медициналық пункттердің меңгерушілері, ауданның қоғамдық кеңесінің және қаланың жергілікті қоғамдастығының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия күн тәртібінің негізгі мәселелері: Атбасар қаласы әкімінің «Қаланың автомобиль жолдарын абаттандыру, санитарлық тазалау және жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жай-күйі туралы» есебі; бас дәрігердің «Атбасар ауданындағы денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы» есебі.

Сондай-ақ, Атбасар қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық тармақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.