Атбасар аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындары мәліметтеріне

Атбасар аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындары мәліметтеріне

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылдың 18 наурызында сағат 10:00-де Атбасар қаласында, Атбасар аудандық мәслихатының кезекті, отыз жетінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.

Сессияда қарауға «Атбасар ауданындағы денсаулық сақтау жүйесінің даму перспективалары мен жағдайы туралы», «Атбасар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 8С 26/2 «Атбасар қаласы әкімінің «Атбасар қаласын абаттандыру, санитарлық тазалау мен автомобиль жолдарын жөндеу бойынша атқарылған жұмыс пен жағдайы туралы»» шешімін орындау барысы туралы» және т.б. сұрақтар енгізіледі.

2026 жылдың 18 наурызында аудандық мәслихатта депутаттардың келуі мен оларды тіркеуі сағат 09:30-ға дейін.