Ағымдағы жылдың 27 ақпанында аудандық мәслихат депутаттары Руслан Қайратұлы Досмұханов, Сәуле Көпбайқызы Ақсейтова, Михаил Александрович Тоқарев Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының кезекті отырысына қатысты.

Отырыс барысында жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру мәселелері қаралды. Әрбір мәселе бойынша бейінді мамандардың баяндамалары тыңдалды, ұсынылған құжаттар зерделенді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті шешімдер қабылданды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге қабылданған шешімдерді одан әрі іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.