2026 жылғы 27 ақпанында аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Бектұрғанұлы Рахимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Қ.Ғ.Әлімжанов, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты.
Сессия күн тәртібінің негізгі мәселесі-Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін аңықтау. Атап айтқанда, құжат қызметалушылардың шығыстарының рұқсат етілген деңгейі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері, сондай-ақ келесі коммуналдық қызмет түрлері бойынша нақтыланған тұтыну нормалары туралы қосымшамен толықтырылды: электржабдықтау, кәріз жүйесімен пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, байланыс қызметтері.
Сондай-ақ, Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық тармақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.