Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама
2026 жылғы 27 қаңтардағы аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Бектұрғанұлы Рахимовтың төрағалығымен аудан әкімімен шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Қ.Ғ.Әлімжанов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ғ.Б.Саханов, аудан әкімінің орынбасары, Атбасар қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты.
Сессия күн тәртібінің негізгі мәселесі- 2026-2030 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарын бекіту. 
Сондай-ақ, Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу мәселелері  қаралды,  округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып кеткен мүшелерінің орына жаңа мүшелер енгізілді.  
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық тармақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.