Ақпараттық хабарлама
2025 жылдың 8 шілдесінде Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы - Рахимов Нұржан Бектұрғанұлының төрағалығымен сегізінші шақырылымдағы Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қуатбеков Қ.Ө., ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Райле Н.С. қатысты.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясында келесі сұрақтар қаралып, бекітілді:
1. Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы.
2. Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 «Aтбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.