2025 жылдың 25 маусымында Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы - Рахимов Нұржан Бектұрғанұлының төрағалығымен сегізінші шақырылымдағы Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы өтті.

Ақпараттық хабарлама
 
Сессия жұмысына аудан әкімі К.Ғ.Әлімжанов, аудан әкімінің орынбасары Б.С.Махметов, Атбасар қаласы, ауыл мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясында келесі сұрақтар қаралып, бекітілді:
1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетін нақтылау туралы».
2. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданы бюджеттік комиссия құрамын бекіту туралы» шешімін жою туралы.
3. «2025-2027 жылдарға арналған Атбасар қаласының, ауыл мен ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау туралы».
4. Атбасар аудандық мәслихатының «Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы» шешімін жою туралы.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.