Атбасар аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындары мәліметтеріне

Атбасар аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындары мәліметтеріне

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылдың 28 мамырында сағат 10:00-де Атбасар қаласында, Атбасар аудандық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.

   Сессияда қарауға «2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы», «2024 жылғы Атбасар қаласы, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылу туралы жылдық есепті бекіту туралы» және басқа да мәселелер енгізіледі.

 2025 жылдың 28 мамырында аудандық мәслихатта депутаттардың келуі мен тіркелуі сағат 09:30-ға дейін.