Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Астрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітовтың төрағалығымен, ауылдық округ әкімдері, аудандық атқарушы органдар мен ұйым басшыларының қатысуымен аппараттық кеңеске қатыстым.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе:
• Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлары, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары.
Аталған мәселе бойынша ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы К.С. Қалабаев баяндама жасады. Ол қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жылға арналған негізгі бағыттар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кеңес барысында ауданның дамуындағы әртүрлі салаларға қатысты ағымдағы мәселелер де талқыланды.
Аудан әкімі Т.А. Ерсейітов қаралған әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың уақытылы орындалуының маңыздылығын атап өтті.