Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.С. Балпанның қатысуымен өткен ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысына Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы Қожахмет Мейрам қатысты. Сапар барысында ол «Старый Колутон ауылының жағалау сызығы бойындағы Колутон өзені арнасын тазалау жұмыстары» нысанымен танысты.
Мұрат Сағатұлы жобаға сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқынымен танысты. Арнаны тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді тексеру барысында жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуына қатысты тапсырмалар берілді.